28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Бас мүфти «Əл Сақр Финанс» исламдық қаржылық компаниясының жұмысымен танысты

Ел іші
Жарнама

Түркістан қаласында өтіп жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар Кеңесінің мүшелері мен Бас мүфти Серікбай қажы Ораз «Əл Сақр Финанс» АҚ исламдық қаржылық компаниясының жұмыс бағдарламасымен танысты.

Шариғат шеңберінде қызмет көрсететін компания жұмысымен Корпоративті даму басқармасының директоры Думан Нұрбаев таныстырды. Компания Қазақстан нарығындағы беделді, жоғары білікті басқару командасы жəне дамыған инфрақұрылымы бар алғашқы (17 жылдан астам) лизингтік қаржы ұйымы болып табылады. 

«Əл Сақр Финанс» АҚ миссиясы – шариғат қағидаларына сәйкес, инновациялық жоғары сапалы қаржы қызметтерін көрсету. Ол ТМД нарығында қызмет көрсететін жетекші исламдық қаржылық компания. 

Қызметтің стратегиялық бағыттарына Ислам ипотекасы, соңынан сатып алу шарты бойынша жалға алу, Ислам төлем картасы, тұрмыстық техника, исламдық автонесие, т.б кірген.

348A0632

348A0615

348A0651

348A0689

ummet.kz

Бөлісу: