26
Жұма,
Сәуір

һижри

Астанада кейбір азық-түліктің бағасы арзандады

Астанада кейбір азық-түліктің бағасы арзандады

Ел іші
Жарнама

Астанада әлеуметке қажетті деген қант, қарақұмық пен кейбір көкөністердің бағасы айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бас қаладағы көкөністер бағасының қалай ауысқандығы жөнінде ауылшаруашылығы басқармасы мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінде «Шапағат» коммуналдық базарында картоптың бағасы 115 теңге, жуа – 100 теңге, сәбіз – 105, қырыққабат – 90 теңгеден сатылып жатыр.

«Биыл картоптың бағасы 25 теңгеге арзандады, жуа 5 теңгеге, қырыққабаттың бағасы сол қалпында қалды», – делінген ведомствоның хабарламасында.

Сондай-ақ жарманың да бағасы төмендеді. 2017 жылы күріштің бағасы 210 теңге, қарақұмық жармасы – 253 теңге, қанттың бағасы – 230 теңге болған.

«Биыл күріш пен қанттың бағасы 40 теңгеге арзандаса, қарақұмық екі есе арзандады», – делінген хабарламада.

Тек еттің бағасы ғана өзгеріссіз қалып отыр.

«Сиыр етінің бағасы 2017-2018 жылдары өзгеріссіз қалды. Бір келісі - 1 350 теңге», – деп жазылған ведомствоның пресс-релизінде.

Мамандар өзге әлеуметтік емес азық-түліктердің бағасы өскенін айтуда. Бірақ, бұл уақытша құбылыс. Жаз маусымы кезінде бұл бағалар тұрақтанады деп болжанып отыр.

https://baq.kz

Бөлісу: