19
Жұма,
Сәуір

һижри

Наиб мүфти: "Әбу Ханифа" медресе колледжі фиқһ пәні бойынша базалық медресе болады (ФОТО)

Наиб мүфти: "Әбу Ханифа" медресе колледжі фиқһ пәні бойынша базалық медресе болады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Алау Әділбаев Алматы қаласындағы Әбу Ханифа медресе колледжінің ұлағатты ұстаздарымен, діни білім алып жатқан шәкірттермен кездесті.

Алдымен Әбу Ханифа медресе колледжі директоры Құлмұхаммед Маханбет арнайы келген наиб мүфти Алау Шайқымұлын ұстаздар мен шәкірттерге таныстырды. Наиб мүфти аталған медресе колледжі шәкірттерімен танысып, сұхбат жүргізіп, алғашқы ислам ғұламаларының өмір тарихынан сөз қозғап, ислам дінінде ғылымның орнын айтып өтті.

ҚР Білім және ғылым минстрлігінің мемлекеттік даму бағдарламасы 2006-2019 жылғы 1 наурыз №205 бұйрығында көрсетілген негізгі тапсырма «Техникалық, кәсіптік оқыту орындары құрылымының жаңартылуы» болғаны белгілі. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында педагог қызметкерлердің оқу процесінің тиімділігін арттыру, практикалық білім, білік дағдыларын қалыптастыру құзыреттілігін жүзеге асыру үшін педагогтар мен студенттерге мамандық бойынша оқу бағдарламасына сәйкес келетін оқулықтар, оқу-әдістемелік топтамалар шығару қажет екендігін ескере отырып Әбу Ханифа медресе колледжін фиқһ пәні бойынша базалық медресе болатындығын атап өтті.

Сонымен қатар, Әбу Ханифа медресе колледжінің оқу сыныптары мен шәкірттердің жатақханасын, демалатын орындарын аралап, медресе колледжі ұжымының атқарып жатқан істеріне ризашылдығын білдірді. Осындай жауапты да, сауапты жолда енбек етіп жатқан ұстаздар мен шәкірттерге сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

photo 2018 03 19 18 00 06

photo 2018 03 19 18 00 10

photo 2018 03 19 18 00 12

photo 2018 03 19 18 00 15

 muftyat.kz

Бөлісу: