20
Сенбі,
Сәуір

һижри

РАСУЛ ЖҰМАЛЫ: Діни басқарма – ескірген атау

РАСУЛ ЖҰМАЛЫ: Діни басқарма – ескірген атау

Ел іші
Жарнама

Белгілі қоғамдық сарапшы, саясаттанушы Расул Жұмалы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа атауын қолдайтынын жеткізді.

«Меніңше, бұл бастама баяғыдан пісіп-жетілген ұсыныс. Қазақстан мұсылмандарының мүфтияты деген атау менің көңілімнен шығады. Себебі, Діни басқарма деген сөздің өзі Кеңес дәуірінен келе жатқан түсінік. Діни басқарма ол кездері құқық қорғау, қауіпсіздік орындарының бақылауында болғандықтан, Орталық Азия үшін, Қазақстан үшін  «басқарма» деген атауды енгізген болатын. Бұл енді ескірген атау, заманға сай емес. Екіншіден, «басқарма» деген мемлекеттік басқаруға жарасатын да шығар. Бірақ діни, руханият, имандылық мәселелеріне келгенде «басқарма» деген ерсі естіледі. Діни тұрғыдан қарағанда да, діни ортаға да ерсі естіледі. Үшіншісі, біз мұсылман елі болғаннан кейін басқа елдерге қараймыз, солардың үлгісімен жүреміз. Өзім араб елдерінде жүргенде «басқарма», «управление» дегенді байқамаппын. Сол араб елдерінде дінбасылар отыратын орынды негізінен мүфтият деп атайды. Мүфтият деген атауды қазақ ойлап тапқан жоқ. Бұл ерте заманнан келеді. Атауының өзгеруі жалпы басқа да мұсылман елдерімен араласуға, байланыстардың жақсы дамуына, бірізді болуына көмектеседі. Кезінде «діни басқарманы» «идара» деп атағанда кішкене түсінбейтінбіз. Сондықтан «Қазақстан мұсылмандарының мүфтияты» деген өте дұрыс әрі орынды атау. Баяғыдан неге осылай атамадық, неге бұл бастама қолға алынбады деген ой келеді. Құптарлық бастама. Мен қолдаймын,» - дейді Расул Жұмалы.

kazislam.kz

Бөлісу: