06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Шетпе мешітінде: Бірізді діни рәсім қалыптастыру қажет – Бас мүфти (фото)

Шетпе мешітінде: Бірізді діни рәсім қалыптастыру қажет – Бас мүфти (фото)

Ел іші
Жарнама

10 Сәуір. Астана. Ummet.kz - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Маңғыстау облысына жасаған сапары кезінде Шетпе мешітінің жұмысымен танысып, жамағатпен жүздесті, деп хабарлайды muftyat.kz сайты.

Кездесуде Бас мүфти бірізді діни рәсімді қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

«Өздеріңіз білесіздер, мүфтият жанындағы Ғұламалар Кеңесі «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітап дайындады. Бұл кітапта діни рәсімдерге қатысты сұрақтарға жауап жазылған. Сонымен қатар, маңызды діни мәселелер жайлы пәтуалар қамтылған. Біз, дін қызметкерлері аталған туындыда жазылған дүниелерді халыққа барынша насихаттап, бірізді діни рәсімді қалыптастыруға сүбелі үлес қосуымыз қажет. Бірізді діни рәсім – бірлігіміз бен ынтымағымыздың негізі», – деді Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Кездесу соңында Бас мүфти жергілікті имам-молдаларға нақты тапсырамалар берді.

Бөлісу: