05
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Наиб мүфти елордалық белсенді жастармен кездесу өткізді (фото)

Наиб мүфти елордалық белсенді жастармен кездесу өткізді (фото)

Ел іші
Жарнама

11 Сәуір. Астана. Ummet.kz - Наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордалық белсенді жастармен кездесу өткізді, деп хабарлайды muslim.kz сайты.

Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Жас өркен» жастар клубының ұйымдастыруымен Елордамыздың белсенді жастарының басын қосқан атаулы шара болып өтті. Шара аясында ЖОО-дағы студенттер ұйымының жетекшілері мен қоғамдық шараларға белсене атсалысып жүрген жастар ұйымының мүшелері бас қосып, «Жас өркен» жастар клубының жоспарымен танысты.

Аталмыш жиынға ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы мен Астана қаласы Жастар саясаты басқармасының бас маманы Ақұлан Өсерұлы арнайы қатысып, ізгілікке үндеген басқосудың маңызын арттыра түсті. Білім жолындағы ізденістерімен қатар, қоғамдық жұмыстар мен түрлі шараларға белсене атсалысып келе жатқан жастарға Наурызбай қажы Тағанұлы жылы лебізін білдіріп, өмірлік өнеге болатын кеңестерімен бөлісті. Сондай-ақ, жастар арасындағы діни экстремизм мен терроримзге қарсы «иммунитет» қалыптастырып, теріс ағымдардан сақтандыру мақсатында дәріс оқылды.

Жиын барысында Елордамыздың іргелі оқу орындарының белсенді жастарына «Жас өркен» жастар клубының жетекшісі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Әбдірәлиев Фархат клубтың құрылу мақсатын түсіндіріп, негізгі атқарылатын жұмыстардың рухани, қайырымдылық және қоғамдық бағытта болатынын жеткізді.

Бөлісу: