24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Бас мүфти Атырауда облыс əкімімен кездесті (фото)

Бас мүфти Атырауда облыс əкімімен кездесті (фото)

Ел іші
Жарнама

12 Сәуір. Астана. Ummet.kz - Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Атырау облысына ресми іс-сапармен барды, деп хабарлайды muftyat.kz сайты.

Бас мүфти бастаған делегация облыс əкімі Нұрлан Ноғаевтың қабылдауында болды. Нұрлан Асқарұлы Атырауға келген дін қайраткерлеріне жылы лебізі мен ізгі ниетін жеткізіп, мүфтиді жаңа қызметімен құттықтады. ҚМДБ төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы өз кезегінде өңір басшысына алғысын білдірді.

Ресми кездесуде Атыраудағы қазіргі діни ахуал сөз болды. Нұрлан Асқарұлы деструктивті діни ағым өкілдері арасында түсіндіру, ағарту жұмыстары тұрақты түрде жүзеге асып жатқанын мәлімдеді. 

"Қазір Атырауда біздің білімді теологтарымыз бен тəжірибелі имамдарымыз қызмет етуде. Облыстың бас имамы Батыржан қажы Берденұлы Phd докторы, Ғұламалар кеңесінің белді мүшесі, діни салада тәжірибесі мол білікті маман. Қала, аудандарды білімді имамдармен қамтамасыз етіп келеміз. Мешіт пен имамдарымызға қажетті қолдау көрсетіп отырған Сізге, əкімдік ұжымына айрықша алғысымды білдіремін", - деді Серікбай қажы Ораз.

Кездесу барысында тараптар жастарды патриотизмге тәрбиелеу, өңірдегі имамдардың кәсіби біліктілігін арттыру, халыққа дін мен дəстүр сабақтастығын дәріптеу, отбасы құндылығын насихаттау, өскелең ұрпақты жаман əдеттерден сақтандыру, т.б. мәселелер төңірегінде пікір алысты. 

Басқосу соңында əкімдік ұжымы мен дін қызметкерлері осы бағытта ынтымақтаса отырып жұмыс істеуге уағдаласты.

 
 
Бөлісу: