29
Жұма,
Наурыз

һижри

Бас мүфти қоғам қайраткерлерімен сұхбаттасты (фото)

Бас мүфти қоғам қайраткерлерімен сұхбаттасты (фото)

Ел іші
Жарнама

13 Сәуір. Астана. Ummet.kz - Бас мүфти Артырауға барған іссапары аясында жергілікті қоғам қайраткерлерімен сұхбаттасты деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Атырау облысының зиялы қауым өкілдерімен, ел ағаларымен, жастармен кездесті. Кездесу шарасын облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жүргізді. Н.Асқарұлы Бас мүфтидің қадамына сəттілік тілеп, мемлекетіміздің игі бастамаларын айта келе ҚМДБ төрағасына сөз берді.

"Қадірлі ағалар, бауырлар! Расында, баршамыздың қоғамда өзімізге қатысты атқаруымыз тиіс миссияларымыз бар. Ақсақалдар жүрген жерде ақылын айтса, жастар тәуекелге бел буып, қызмет етсе, білім алса, орта буын өкілдері мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосса, имамдар ізгілікті насихаттасса біздің қоғам жан-жақты дамитын болады. Алла Тағала баршамыздың жұмысымызға береке берсін", - деді Бас мүфти.

Кездесу барысында Республикалық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары Өмірзақ Озғанбаев пікір білдіріп, батасын берді. 

Емен-жарқын жүздесуде жергілікті жұртшылық Бас мүфтиге сұрақтарын қойып, жауап алды.

https://fex.net/get/895487121700/410438383

Бөлісу: