26
Жұма,
Сәуір

һижри

Орта Азия мұсылмандары ораза айтты бір күнде тойлайды (ФОТО)

Орта Азия мұсылмандары ораза айтты бір күнде тойлайды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

12 маусым. АСТАНА. Ummet.kz – Жуырда көршілес үш елдің: Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекеттерінің Ғұламалар Кеңесі Айт намазының басталуы мәселесіне орай бас қосты. Басқосуда үш елдің делегаттары Алла елшісінің хадистеріне әрі астрономиялық есептеулерге сүйене отырып, Ораза айт мерекесінің уақытын белгіледі, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Көрші ел делегаттары өз ойларын ортаға салып, тұщымды пікірлерін айтты. Өз кезегінде ҚМБД шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы бұл мәселеге егжей-тегжейлі тоқталып:

«Ораза айтын анықтау үшін Рамазан айының 29-ы күні айды бақылайды. Күн батқан кезде жаңа ай көрінсе, келесі күні шәууалдың бірі яғни, ораза айты басталған болып саналады. Егер ауа бұлтты болып, ай көрінбесе, Рамазан айын 30 күнге толықтырылатыны баршаға белгілі. Пайғамбарымыз: «(Жаңа) айды көріп ораза ұстаңдар, және (жаңа) айды көріп ауыз ашыңдар. Ал, егер ол (бұлттылықтың себебімен) сендерге көрінбесе, онда одан алдыңғы айды отыз күнмен аяқтаңдар», – деген.

Жаңа айдың туылғанын алдын ала астрономиялық есептеулер арқылы білуге де болады. Отандық және халықаралық астрономиялық есептеулерге әрі ғұламалардың сөздеріне сүйене отырып, георгафиялық ерекшелігі (меридиан сызығы, сағаттық белдеу, т.б.) мен астрономиялық зерттеулер нәтижесінде көршілес, жақын мемлекеттерде айдың көрінуіне орай жаңа айдың басталғаны анықталады»,- деген пікірін білдірді.

Басқосу соңында Ғұламалар Кеңесінің мүшелері бірауыздан Рамазан айы 29 күнге толатынын айтып, Ораза айт мерекесі 15 маусым деп белгіледі.  Үш елдің делегаттары болашақта арнайы Комиссия мүшелерін құруды ұсынып, ауызбіршілік пен ынтымақты сақтау үшін бірлесіп қызмет етуге дайын екендіктерін жеткізді.

news image 14243

918488db 7d21 4467 a900 a41b45b5d5f8

0f16e918 da11 407f bbcc ae6712820176

34a0290f c4c9 4351 b031 74cf81991dca

0291570b feae 419a bf72 4ab762f6a15d

24c1ce1c 49e6 47d1 b726 21280931a2a4

c5af1799 7ac9 4024 b502 813bd130b4e2

614bc671 1c55 43de 8ddc 36e93711eac5

Бөлісу: