18
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

1000 жылдық тарихы бар мешіт ашылды

1000 жылдық тарихы бар мешіт ашылды

Ел іші
Жарнама

14 маусым. АСТАНА. Ummet.kz – Таразда қалпына келтіру жұмыстарынан кейін Қазақстандағы ең ескі мешіт ашылды, деп хабарлайды «Казинформ» ақпарат агенттігі.

Әлкей Марғұлан атындағы археология Институтының қызметкерлері бұл мешіттің қалдығын Қарахан мавзолейінің жанынан 2006 жылы тапқан болатын. 10 ғасыр бұрын VII ғасырға жататын несториандық шіркеудің қайта құрылыс жұмыстарынан кейін мешітке айналдырылғанын христиан дінінің ерте дәуіріне жататын артефактардың табылуы дәлелдеп отыр.  

Ұқсасы жоқ тарихи-археологиялық нысан Орта Азия жеріндегі Ислам дәуірінің алғаш пайда болу кезеңін нақты анықтауға мүмкіндік беріп отыр.  

«Қалпына келтіру жұмыстарынан кейін Қазақстан жеріндегі Ислам тарихына тиесілі ең ескі мешіт аймақтағы ерекше туристік нысан қатарына енгізілді. Мешіт облыстағы және оның орталығындағы туристік бағыттарға енгізіліп, мақтанышпен көрсетерлік нысанға айналады», - деп хабарлайды Жамбыл облыстық Туризм басқармасы.

Тараз мешіті жайында саманидтер билеушісі Ысмайыл ибн Ахмедтің 893 жылғы Таразға жасаған әскери жорығына қатысты ортағасырлық жазба деректерден кездестіруге болады. Жергілікті халықтың Исламды қабылдауына себеп болған қолбасшының әмірімен шіркеу мешітке айналдырылған.

Қазіргі таңда Алланың үйі Жамбыл облысының аймағындағы ең ескі туристік нысанға айналып отыр.

Бөлісу: