19
Жұма,
Сәуір

һижри

Бас мүфти «Әбу Ханифа» шәкірттеріне куәлік табыстады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

«Бүгін Алматыдағы «Әбу Ханифа» медресесін бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті» деп хабарлайды Muftyat.kz.

Айтулы шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, Алматы орталық мешітінің бас имамы Нұрбек Есмағанбет, «Әбу Ханифа» медресесінің директоры Құлмұхаммед қажы Маханбет және медресе ұстаздары қатысты.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы медресе түлектеріне орта кәсіптік діни білім беру деңгейіндегі оқу орнының куәлігін табыстап, білім жолында еңбек етіп, ғылым қуып, ел мерейін үстем шақырды. «Құрметті шәкірттер, сіздер осы білім ордасында 2 жыл 10 ай діни білім алдыңыздар. Бұл үлкен абырой. Білім алу, сауатты болу – Ислам дінінің ең басты талабы. Білім – адам баласына жөн сілтеп, бағыт-бағдар көрсететін шамшырақ сияқты. Ғылым үйренудегі басты мақсат – үйренген білімді халыққа жеткізу. Сонымен бірге, қазіргі қоғам діни білімді дүниеуи біліммен ұштастыра отырып жеткізуді талап етіп отыр. Сондықтан, сіздерге артылар үміт пен жауапкершілік үлкен», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Дипломпен қатар, Құран Кәрімді жаттаудан ең үздік танылған шәкірттер арнайы сертификатпен де марапатталды. Айта кетейік, биыл «Әбу Ханифа» медресесін 18 шәкірт тәмамдап отыр. 


 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: