28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Бас мүфти елшімен қажылыққа қатысты жұмыстарды пысықтады

Бас мүфти елшімен қажылыққа қатысты жұмыстарды пысықтады

Ел іші
Жарнама

9 тамыз. АСТАНА. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Захир бен Мутиш Әл-Энази мырзамен кездесті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Кездесуде Бас мүфти мен елші биылғы қажылық маусымына қатысты жұмыстар жайлы сұхбаттасты.

Өз кезегінде ҚМДБ Төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы Захир бен Мутиш Әл-Энази мырзаға елшілік тарапынан жасалып жатқан жұмыстар үшін арнайы алғысын білдірді.

Ресми басқосуда Қазақстан қажыларының денсаулығын қадағалау, жол жүру қауіпсіздігін күшейту, қасиетті сапар кезінде қажетті шараларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Елші мырза мүфтияттың ұлық сапар кезінде атқаратын ауқымды жұмысына сәттілік тіледі.

Бөлісу: