ҚМДБ: Биылғы қажылық сапарының бірқатар өзгешерліктері айтылды

ҚМДБ: Биылғы қажылық сапарының бірқатар өзгешерліктері айтылды

Ел іші
Шрифт

9 тамыз. АСТАНА. Ummet.kz - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған Қажылық миссиясы қажылық сапарының ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарын жан-жақты пысықтау үстінде, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі. 

Отандастарымыз Астана, Алматы, Ақтау, Шымкент қалаларынан тікелей рейспен Жидда, Мәдина шаһарына ұшады. Әуе рейстерін Қазақстан тарапынан отандық Scat, Сауд Арабия Корольдігінен Flynas әуекомпаниялары ұйымдастырады. Ұшу уақыты 5-6 сағат.

Scat, Flynas әуе компанияларының ұшу кестесінің уақытылы орындалуы басты назарда.

Сауд Арабия Корольдігі Қажылық министрлігі тарапынан бөлінген 3000 квотаға визалар толық шықты.

Биылғы қажылық сапарын аккредитациядан өткен 18 компания ұйымдастырады. Қажылық миссиясы 18 компанияның жұмысын қадағалайды. ҚМДБ және Қажылық министрлігінің талаптарын орындамаған компанияларға тиісті шаралар қабылданады.

Миссия жанынан құрылған дәрігерлер, уағызшылар, ақпарат тобы өзіне жүктелген тиісті міндеттемелерді атқаруға толық дайын.

Қазақстан қажылары менингитке қарсы екпе (вакцинация) салдырды. Отандастарымыздың денсаулығын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан ұсынылған дәрігерлер тобы жіті қадағалайды. Дәрігерлер ҚМДБ Қажылық миссиясының медициналық көмек көрсету орталығында қажыларға тәулік бойы қызмет көрсетеді. Медициналық орталықта қажыларға қызмет көрсететін жедел жәрдем көлігі де болады. Қажылар отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.

e-max.it: your social media marketing partner

Категория бойынша