19
Жұма,
Сәуір

һижри

Әл-Азһардың Бас имамы «Әзірет Сұлтан» мешітін зиярат етті (ФОТО+ВИДЕО)

Әл-Азһардың Бас имамы «Әзірет Сұлтан» мешітін зиярат етті (ФОТО+ВИДЕО)

Ел іші
Жарнама

10 қазан. АСТАНА. Ummet.kz - Кеше Египет еліндегі әйгілі әл-Азһар университетінің бас имамы шейх Ахмад ат-Тайеб Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітін зиярат етіп шықты, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі. 

Мысыр жерінен келген мәртебелі мейманды ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз өзі қарсы алып, алып құлшылық ордасымен таныстырып өтті.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне келген әл-Азһар шейхы «Әзірет сұлтан» мешітіндегідегі Құранның күміс парақтарын тамашалап, Елбасымыз тарту еткен көне Құран кітабына көз жүгіртті. Құптан намазына дөп келген құрметті ғалым еліміздің Бас мешітінде имамдыққа шығып, жамағатты жағымды дауысына ұйытты.

Жамағатпен оқылған намаздан соң әл-Азһар шейхы қазақ еліне өз ілтипатын білдіріп, жылы лебізін жеткізді. Мұсылман бірлігі жайында, талас-тартыстың зияны турасында жамағатқа аз-кем насихат айтылды. Кездесу соңында құрметті қонаққа қазақы дәстүрімізге сай иығына шапан жабылып, естелік-сыйлық тарту етілді.

Бөлісу: