24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Бас мүфти «Құрмет» орденімен марапатталды (ФОТО)

Бас мүфти «Құрмет» орденімен марапатталды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

11 қазан. АСТАНА. Ummet.kz -  Президент жарлығымен Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы «Құрмет» орденімен марапатталды, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосып, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің биік мақсаттарын ілгерілетуге белсене қатысқаны үшін» бірқатар діни басшылар марапатталды.

Марапатты Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының жетекшісі Қасым-Жомарт Тоқаев табыс етті.

Атап айтқанда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ораз Серікбай қажы Сатыбалдыұлы «Құрмет» орденімен марапатталды.

Бөлісу: