20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Бір күнде 3 пәтер табысталды

Бір күнде 3 пәтер табысталды

Ел іші
Жарнама

8 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz – Алматы облысы, Ескелді ауданында «Мәңгілік өнеге - әз Мұхаммед Мұстафа» атты мәуліт кеші өтті, деп хабарлайды ҚМДБ-ның Талдықорған өңірлік өкілдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Кеш қонағы ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы Қарабұлақ кенті жамағаты атынан 1-топтағы мүмкіндігі шектеулі 7 баланың әкесі Жаңаөмір Қайратұлына мүгедек арбасын және 4 бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана Сәлімжанқызы Кәликамалға пәтердің кілтін сыйлады.

Сол күннің кешінде Талдықорған қаласы І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында «Өнер қырандары» 10 жылдық жаңа бағдарламасын Жетісу жұртшылығына ұсынды. Мұқтаждарды баспанамен қамтамасыз етуде көпшіліктің ризашылығын алып жүрген «Харекет» қайырымдылық қоры бағдарлама соңында тағы 2 отбасына қуаныш сыйлады. Осы кештің өтуіне арқау болған өкіл имам Ардақ Нүсіпханұлы 1-ші топтағы мүмкіндігі шектеулі Сырымға, 3 баланы тәрбилеп отырған жалғызбасты ана Малмакова Құралайға және Көксу станциясының тумасы 1-ші топтағы мүгедек, жалғызбасты 5 баланың анасы Оразалинова Гүлімге халық алдында 2 пәтердің кілтін табыстады.

Осындай үлкен игі шараларға себепкер болған «Өнер қырандары» театры ұжымына, «Харекет» қайырымдылық қоры арқылы қайырын жасаған қайырымды жандарға алғыс айтамыз.

Бөлісу: