03
Жұма,
Мамыр

һижри

Имамдар білікті мамандардан дәріс алуда

Имамдар білікті мамандардан дәріс алуда

Ел іші
Жарнама

5 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz – Белігілі ғалым Аманбек Мұқашев имамдарға дәріс оқыды, деп хабарлайды Ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ-ның Астана қаласындағы Имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру Республикалық орталығында діни кадрлардың біліктілігін арттыру курсы Бейбітшілік және келісім музейі директорының орынбасары Мұқашев Аманбек Мұқашұлы арнайы ат басын бұрып, имамдарға «Зайырлы мемлекет және дін» тақырыбында семинар жүргізді.

Семинар аясында А. Мұқашев еліміздің әр өңірінен келген имамдарға зайырлылық қағидаттары, діни төзімділік, дін мен мемлекеттің ара-қатынасы жайында жан-жақты түсінік беріп, аталған құндылықтардың діни қағидаттармен үйлесімі жайлы тұщымды ой-пікірлерімен бөлісті.

Айта кетейік, өңір имамдарының біліктілігін арттыруға және тәжірибе алмасуға бағытталған қысқа мерзімді курс аясында имамдар әр түрлі пәндер бойынша білікті мамандар мен танымал теолог ғалымдардың семинарына қатысуда. Аталмыш курс әлі де жалғасуда.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: