26
Жұма,
Сәуір

һижри

Еліміздегі жәрдемақы көлемі өсті

Еліміздегі жәрдемақы көлемі өсті

Ел іші
Жарнама

3 қаңтар. АСТАНА. Ummet.kz – Елімізде еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанда және асыраушысынан айырылғанда берілетін жәрдемақы 5 пайызға өсті, деп хабарлайды Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикалық бюджеттен берілетін баламалы төлемдерді индексакциялау есебінен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда және асыраушысынан айырылғанда берілетін жәрдемақы осы санаттағылардың барлығына 5 пайызға артты.

Бұл 88,3 мың еңбекке жарамсыз болып қалған әлеуметтік жәрдемақы алатын және 50,1 мың асыраушысынан айырылған әлеуметтік жәрдемақы алатындарға қатысты.

«Осы орайда, еңбекке жарамсыз болап қалған жағдайда берілетін орташа әлеуметтік жәрдемақы көлемі 15,9 мыңнан 16,6 мың теңгеге дейін, асыраушысынан айырылғанда берілетін орташа әлеуметтік жәрдемақы 20,6 мыңнан 21,7 мың теңгеге дейін өсті», - делінген министрліктің баспасөз хабарламасында.

Бөлісу: