29
Жұма,
Наурыз

һижри

Өскемен өкілдігі бірегей жоба бастады

Өскемен өкілдігі бірегей жоба бастады

Ел іші
Жарнама

8 қаңтар. АСТАНА. Ummet.kz – ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен шығыста Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің «Ұлы дала төсіндегі Ислам» кітабы бойынша «Рухани орындарға сапар» жобасы басталды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Жобаның мақсаты «Ұлы дала төсіндегі Ислам» кітабы бойынша ұлт тарихындағы айрықша маңызы бар киелі орындарға саяхат ұйымдастыру арқылы жас жеткіншектердің бойында отаншылдық сезімін қалыптастыру. Сонымен бірге, еліміздің өткенінен көлемді мағлұмат беру арқылы ұлттық құндылықтарды бағалай білетін ұлтжанды жастар тәрбиелеу.

Шараны ұйымдастырушылар:

«Шараға қатысу үшін 9-10 сынып оқушылары аталған кітаптың ішінен бір тақырып бойынша эссе жазып, сайысқа түседі. Шығарманы кәсіби қазылар алқасы бағалап, жүлделі орындарға ие болған 30 оқушы Алматы, Түркістан, Ташкент, Самарқан, Бұқара бағытымен рухани сапарға шығады. «Ұлы дала төсіндегі Ислам» кітабы барлық аудандық, қалалық мешіттердің кітапханаларына таратылды. Қажетті ақпараттарды мешіттерден алуға болады» дей келе, аталған бұл бірегей жобаның патриот жас буынды тәрбиелеуде аса маңызды екендігін жеткізді.

Қазіргі таңда оқушылардың жазған шығармалары қабылданып жатыр. Осынау кемелді жобаның жүзеге асуы еліміздегі жас жеткіншектердің  таным көкжиегінің кеңейе түсуіне аз да болса өз үлесін қосады деп сенеміз.

Бөлісу: