27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Танымал велосаяхатшы Меккеге аттанды

Танымал велосаяхатшы Меккеге аттанды

Ел іші
Жарнама

8 қаңтар. АСТАНА. Ummet.kz – Алматы қаласының тұрғыны велосипедпен Меккеге аттанды. Қасиетті сапарға Талғат Жұмабеков осымен екінші рет бағыт алғалы отыр, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Ол велосипедпен Меккеге жету үшін екі ай уақыт кететінін есептеп қойған. Өзімен бірге азық-түлік, фотоаппарат, дәрі-дәрмек, Құран кітабын да алыпты. Жол бойы оқып бармақшы.

Талғат Жұмабеков бұған дейін велосипедпен әлемнің 35 елін аралап шыққан. Киелі мекенге сапарын Түркістан қаласынан бастаған ол жолай Шымкентке табан тіремекші. Ары қарай сапарында Ташкент қаласына да кіре шықпақ. Далада шатыр тігіп қонуды жоспарлап қойыпты. Ал, қатты суық болса қонақ үйге түнемек.

«Қасиетті Меккеге велосипедпен бару мен үшін қуаныш. Велосипедім де мұндай ұзақ жолдарға шыдайды. Бұйырса, Меккеге екі ай жүріп барамын. Ақпан айының аяғына қарай жетемін деп отырмын. Ештеңеден қорықпаймын. Тек бір Аллаға сенемін», — дейді Талғат Жұмабеков.

Бұл оның Меккеге екінші сапары.

Алайда, Меккеге виза аштыру мәселесі біраз қиындықтар туғызғанын айтады. Жақын күнде виза да дайын болады екен.

Бөлісу: