29
Жұма,
Наурыз

һижри

Елбасы: Жаһандық бәсекелестік елдердің ғана емес адамдардың арасында да жүріп жатыр

Елбасы: Жаһандық бәсекелестік елдердің ғана емес адамдардың арасында да жүріп жатыр

Ел іші
Жарнама

18 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жастарын жастық шақтарын босқа өткізбеуге шақырды, деп хабарлайды egemen.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бұл бейнежазбаны Президенттің телерадиокешені жариялады.

Мемлекет басшысы адамдар өзінің өмірлік мол тәжірибесін ескере отырып, өсіп келе жатқан жас буынға кеңес берді. Елбасының айтуынша, Қазақстанның жастары үшін барлық «есік те, жол да» ашық. Жастар бүкіл әлемдегі қатарластарыммен араласып, білім алуда, қалаған жерінде өмір сүруде.

«Сондықтан жастар жастық шақтарында ең алдымен іргелі базалық білім алуға ұмтылуы тиіс.  Жастық пен мүмкіншіліктерді қайдағы жоқ түрлі көңіл көтеруге жұмсамағаны жөн, олар содан кейін де келеді. Ең алдымен, олар білімді адам болуы тиіс. Өйткені, жаһандық бәсекелестік елдердің ғана емес адамдардың арасында да жүріп жатыр. Адамдар арасындағы бәсекелестікте кім білімді болса сол жеңіске жетеді»,  деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, ҚР Президенті жастар оқудан кейін қайда жұмысқа орналасса да кез келген жұмыста өзін жақсы жағынан көрсете алуы тиістігін баса айтады.  

Бөлісу: