29
Жұма,
Наурыз

һижри

Рәтбек қажы Нысанбайұлы имамдармен кездесті (ФОТО)

Рәтбек қажы Нысанбайұлы имамдармен кездесті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

19 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz – ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтында "қаңтар-наурыз, 2019" оқу легінде оқып жатқан имамдармен Рәтбек қажы Нысанбайұлы кездесті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Рәтбек қажы Нысанбайұлы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тұңғыш төрағасы, Бас мүфтиі,  дін жолында халқымызға зор еңбегі сіңген тұлғалардың бірі.  

Институт директоры Кенжеәлі Қоңыратбайұлы: ""Қаңтар-наурыз, 2019 жылғы" оқу  легінде 68 имам білім алып жатыр, оның ішінде  Ресейден – 13, Моңғолиядан 4 имам бар. 68 мешіттің имамын оқыту – 68 мешіттің жамағатын оқыту деген сөз. Бекітілген оқу бағдарламасын жүзеге асыруда барлық қызметкерлер жұмылып, қызмет етудеміз. Кез келген салада білім беріп, тәжірибеге назар аудармауға болмайды. Сол үшін Рәтбек қажы Нысанбайұлын имамдармен жеке кездесуге шақырып отырмыз. Қоғамда теріс діни ағымдардың бет алып кеткен уақытында, сіздің (Рәтбек қажы – ред.) дін саласындағы мол тәжірибеңіз бен ақылдарыңызды тыңдап, тағылым алу – имамдар үшін таптырмас ілім", – деп  сөз кезегін хазіретке ұсынды.

Рәтбек қажы Нысанбайұлы өз сөзінде Қазақстанға исламның келуін төрт кезеңге бөліп, жан-жақты түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, тарихқа тоқталып, кейбір мәселелерді ахлақ, фиқһ арқылы түсіндіріп кетті.

Кездесудің басым бөлігі сұрақ-жауаппен өтті. Имамдар көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды. Жиын соңында Рәтбек қажы Нысанбайұлы халқымыздың ынтымағы мен бірлігін тілеп, имамдарға білімнің адамға әрбір секунд сайын керек екенін айтып, ақ батасын берді. Имамдар да ислам ғұламаларының қатарынан орын алған Рәтбек қажыға ізгі тілектерін білдіріп, осы жиынды ұйымдастырған институт директоры, Рәтбек қажының алғашқы шәкірттерінің бірі Кенжеәлі Қоңыратбайұлына алғыстарын білдірді. 

Бөлісу: