20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Біз жастардың жұмыссыздық мәселесін түбегейлі шешкен жоқпыз - министр

Біз жастардың жұмыссыздық мәселесін түбегейлі шешкен жоқпыз - министр

Ел іші
Жарнама

20 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz  Кәлетаев Жастар саясатына арналған Үкімет сағатында жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесінің түбегейлі шешілмей отырғанын айтты, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Маңызды мәселе – жастар арасындағы жұмыссыздық. Ресми статистика бойынша, соңғы 15 жылдың ішінде жастардың жұмыссыздық деңгейі 10 % төмендеген. Соңғы үш жылдың ішінде жұмыссыз жастардың саны 92 мыңнан 81 мыңға дейін, яғни 4,1% -тен 3,9% азайған. Жалпы, Қазақстандағы жұмыссыз жастар деңгейі ТМД елдері арасында ең төменгі болып саналады. Солай десек те, біз жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін түбегейлі шешіп тастадық деп айта алмаймыз. Мұны ашық айтуымыз қажет. Бұл мәселенің шешімін жастардың түрлі санатын жұмыспен қамтудың жол картасы аясында қарастырып жатырмыз», - деді Кәлетаев Жастар саясатына арналған Үкімет сағатында.

Жиында министр жастар арасында суицид, ажырасу сияқты проблемалар бар екенін де айтты.

Атап өтсек, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын.

Бөлісу: