19
Жұма,
Сәуір

һижри

Жастар форумы: Депутат жастарға патриоттық жыр оқыды

Жастар форумы: Депутат жастарға патриоттық жыр оқыды

Ел іші
Жарнама

11 cәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Сұлтан қаласында ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Руханият және жастар» атты I халықаралық жастар форумында ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл сөз сөйлеп, жастарға арнап патриоттық тағылым айтты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

«Біздің дін қараңғылыққа емес жарыққа, сәулелі нұрға, дамуға, жаңаруға жетелейтін дін. Ислам сондай ерекшелігімен асыл саналған дін. Махамбет, Есет батыр, Жалаңтөс батырлар ұстаған дін, біздің дәстүрлі темірқазығымыз», - деді.
Ол өз сөзінде ұлт болып ұйысудың басты шарты, ата дәстүр мен дәстүрлі дін екендігіне баса назар аударды. Сөз соңында Б.Смағұл жастарға арнап жалынды жыр оқыды.

Дереккөз: ШҚО «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: