19
Жұма,
Сәуір

һижри

Бас мүфти: Жастар жылы жас буынға серпін берді

Бас мүфти: Жастар жылы жас буынға серпін берді

Ел іші
Жарнама

11 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордада өтіп жатқан «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференцияның ашылуында Бас мүфти Серікбай қажы Ораз сөз сөйледі, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз:

«Өздеріңізге белгілі, Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұсұлтан Назарбаевтың  бастамасымен 2019 жылдың «Жастар жылы» деп жариялануы жас буынға, олардың қоғамдық-әлеуметтік тұрмыс-тіршілігіне, білім алуына айтарлықтай серпін берді. Ауқымды іс-шаралар мен өзекті   мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда», - дей келіп бүгінгі іс-шараның да сол ортақ мақсатқа үн қосу екенін тілге тиек етті.

«Бүгінгі жастардың келешек тұлға болып қалыптасуына отбасы тәрбиесінен кейін, қоршаған ортаның әсері көп.

«Адамды заман өсіреді. Кімде-кім жаман болса, замандастарының бәрі кінәлі» деп Абай атамыз айтқандай жастарды дұрыс бағытқа бағыттап, оларға әрдайым қолдау көрсету - күллі қоғамның міндеті. «Ақыл - жастан, асыл – тастан» дейді, қай қоғамда да жастар жаңаруға, жақсаруға құлшынып негізгі қозғаушы күшке айналған.

Асыл дініміз Ислам да жастарға айырықша маңыз береді», - дей келіп, Бас мүфти жастардың дұрыс жолда болуының қоғамдық-әлеуметтік, рухани маңызына тоқталып, бұл мәселеге атсалысу барлық қоғамның міндеті екеніне назар аудартты.

Бөлісу: