23
Сейсенбі, Шілде

һижри

Халал Даму: 30 компанияға «Халал» сертификаты берілді

Халал Даму: 30 компанияға «Халал» сертификаты берілді

Ел іші
Жарнама

19 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Жыл басынан бері ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС 30 компанияны сертификаттап, 7 компанияның қызметін тоқтатты.  Қазіргі таңда барлығы 282 компания «Халал Даму» ЖШС-ң бақылауында, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Өңірлік өкілдердің аймақтарда жүргізген оқу-семинары нәтижесінде 17 қасапшы шариғат әрі халал стандартқа сәйкес  мал сою талаптарын үйреніп,  «ҚМДБ халал қасапшысы» куәлігі мен сертификатына, жеке мөрге ие болды.

Соңғы үш айда «Ұлттық экспертиза орталығының» 14 өңірлік және екі қалалық мекемесінен, «Treegene» молекула-генетикалық зертханасынан барлығы 29 өнім лабораториялық тексерістен өтті.

Әр айдың соңында өңірлік жауапты бақылаушы-инспекторлардың қатысуымен «айлық тексеріс жұмыстары» жүргізіліп, тексеріс нәтижелері «Халал Даму» ЖШС-на тиесілі әлеуметтік желілерде тұтынушылар назарына ұсынылып отырды.

«ҚМДБ халал» логотипін заңсыз пайдаланған 5 мекемеге қатаң ескерту шаралары  қолданылды.

Сонымен қатар, Моңғолия мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі Батырбек Хадыс мырзаның қатысуымен «Халал Даму»  ЖШС арасында «Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға»  қол қойылды.

Жыл басында мұсылмандардың қара шаңырағы ҚМДБ-ның бас ғимаратында «Халал Даму» ЖШС-ның штаттық қызметкерлерінің және өңірлік өкілдерінің қатысуымен жылдық қорытынды жиын өтті. Үздік қызметкерлер ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың арнайы алғыс хатына ие болды.

Халықтың «халал және харам» жөнінде сауатын арттыру мақсатында еліміздегі түрлі бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, танымдық-насихат шаралары белсенді түрде орындалып жатыр.

Бөлісу: