23
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Жалпықалалық сенбілікті өткізу кейінге шегерілді

Жалпықалалық сенбілікті өткізу кейінге шегерілді

Ел іші
Жарнама

19 cәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Жалпықалалық сенбілікті өткізу уақыты туралы қосымша хабарланатын болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Қала әкімі Бақыт Сұлтанов 20 сәуірге жоспарланған жалпықалалық сенбіліктің кейінге шегерілгені туралы Facebook парақшасында хабарлады.

«Құрметті астаналықтар мен қала қонақтары! Біздің қаладағы ауа райын болжау мүмкін еместігін білесіздер. Өкінішке орай, ертең де елордамызда күн райы суық болып, жаңбыр жауады деп күтілуде. Мұндай күн райында көшеге шығып, тазалық науқанын, ағаш отырғызу шараларын жүргізу мүлде ыңғайсыз. Ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, мен алғашқы жалпықалалық сенбілікті өткізу күнін ауыстыруды ұсындым», - деп жазды Бақыт Сұлтанов.  

«Қала тұрғындарының көбісі ертеңгі тазалық акциясына белсене қатысуға ниет білдіргенін мен жақсы білемін. Мен Сіздерді осы райларыңыздан қайтпауға шақырамын. Нұр-Сұлтан қаласындағы жылы ауа райы баршамызды жақын арада қайта қуантып, біздің жалпықалалық сенбілікте бірлесіп, өз уақытымызды көңілді әрі пайдалы өткізуімізге сеп болады деп үміттенемін!», - деп қосты қала әкімі.   Жалпықалалық сенбілікті өткізу уақыты туралы қосымша хабарланатын болады.

Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілдігі де ummet.kz сайты арқылы қала мешіттерінде өтетін сенбілік шарасының кейінге қалғанын хабарлап отыр. 

Бөлісу: