23
Дүйсенбі, Қыркүйек

һижри

Түркістан: Имамдардың аймақтық форумы өтті

Түркістан: Имамдардың аймақтық форумы өтті

Ел іші
Жарнама

18 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай Ораздың пәрменімен құрылған Мүфтияттың Түркістан қаласындағы Кеңсесіне 1 жыл толды, - деп хабарлайды Түркістан облыстық мешітінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Осыған орай "Дін мен дәстүр үйлесімі және ұрпақтар сабақтастығы" атты имамдардың аймақтық форумы өтті. Отырар ауданына Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласынан 500 дін қызметкері қатысты.

Төраға орынбасары, Түркістан қаласындағы Кеңсе басшысы Алау Әділбаев бұл форумды ұйымдастырудағы мақсаты үш тараптық ықпалдастық орнату болғанын және де үдесінен шыққанын айтты. Нәтижесінде облыстық Ардагерлер кеңесі мен кеңсе басшылары рухани жаңғыру, салт-дәстүрді сақтау, ұрпақ тәрбиесі, қоғам тыныштығы жолында бірлесіп жұмыс істеуге келісіп, меморандумға қол қойылды. Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов та бұл істе имамдарға сенім білдірді. Әкімнің алғыс хатымен наиб мүфти Алау Әділбаев Шымкент қаласы мен Түркістан облысының өкіл имамдарын, бірқатар дін қызметкерлерін марапаттады.

Жиын соңында дін мен дәстүрдің жаңғыруына, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің ауызбіршілікті сақтау, басшыға бағыну, жұртты имандылыққа ұйыту, ұрпақ тәрбиесі, жаназа және жерлеу рәсімдерін бірізділендіруде күш салуға үндеу қабылданды. Наиб мүфти Алау Әділбаев келесі форумның кезегін Шымкент қалалық өкілдігіне табыстады. Діни басқарма атынан Түркістан облысының 1 жылдығымен құттықтады.

Бөлісу: