25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Бас мүфти Дәулет Тұрлыхановқа көңіл айтты

Бас мүфти Дәулет Тұрлыхановқа көңіл айтты

Ел іші
Жарнама

19 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз грек-рим күресінен әлем және еуропа чемпионы, олимпиада ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері Дәулет Тұрлыхановқа анасы Марзия Айтбайқызының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Батыр ана, ұлағатты ұстаз, аяулы анаңыз Тұрлыxанова Марзия Айтбайқызының қайтыс болғаны туралы қаралы хабар менің де қабырғамды қайыстырды.

Сізге, отбасыңызға өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан қайғыңызға ортақтаса отырып, көңіл айтамын.

Алла Тағала қазаның артын қайырлы еткей. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болғай. Әмин», - делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

Бөлісу: