25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Наиб мүфти Шымкент қаласына ресми сапармен барды (ФОТО)

Наиб мүфти Шымкент қаласына ресми сапармен барды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

19 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан  Әбдірашұлы Шымкент қаласына арнайы іс сапармен келді, деп хабарлайды Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Ресми сапарды Әуелі, Шымкент қаласы, Әл Фараби ауданы «Абдулхамид Қаттани» мешітінде қала имамдарының алты айлық есеп беру жиналысына қатысты.

Семинар аясында қаланың бас имамы Бақтыбай Бейсенбаев атқарылған жұмыстар мен жоспалар туралы баян етті. Сондай-ақ, өкілдік жанындағы түрлі салаға жауапты мамандардың есебі де тыңдалды. Атап айтқанда, мешіт істері мен құжаттарды заңдастыру бөлімінің маманы Қайрат Ерғазиевтың, Зекет бөлімінің маманы Айбек Әзімбаевтың, Халал даму бөлімінің маманы Қазыбек Сарыбаевтың алты ай бойы атқарған жұмыстарын тыңдап, нәтижелі жұмыстарға оң бағасын берді.

Сонымен бірге, наиб мүфти Бауыржан Әбдірашұлы ЖАНТ жұмыстарын күшейтуді тапсырып, мешіт қызметкерлерінің қызметтік этикасы мен тәртібіне де тоқталды.

Семинар барысында өкілдіктің тиісті салаларға жауапты жетекшілеріне бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Бөлісу: