19
Жұма,
Сәуір

һижри

Наиб мүфти телесайыстың жеңімпаздарын марапаттады

Наиб мүфти телесайыстың жеңімпаздарын марапаттады

Ел іші
Жарнама

21 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – "Жас қари" Құран телесайысының ақтық кезеңі өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапатталды, деп хабарлайды azan.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Сайыс Алматы қаласының Д.Қонаев мешітінде болып өтті.

«Асыл арна» телеарнасының ұйымдастырған тележобасына наиб мүфти Алау Әділбаев арнайы ат басын бұрып, сөз сөйледі. Наиб мүфти өз сөзінде Алланың хақ кәламы – Құран Кәрімнің қадір-қасиеті мен өтіп жатқан жарыстың маңыздылығына тоқталып өтті. Сондай-ақ, жарысқа қатысушы жас қариларға сәттілік тілеп, ұйымдастырушылар мен төрешілерге және ата-аналарға үлкен алғысын білдірді.

Содан жеңімпаздарға наиб мүфти Алау Әділбаев, Алматы қаласының өкіл имамы Еркінбек Шоқай және Bio Hayat" компаниясының арнайы өкілі Ринат Әділұлы жүлделерді табыстады.

Қаперлеріңізге сала кетсек, «Жас қари» Құран телесайысына Алматы қалалық мешіттерінің жанындағы діни сауат ашу курстарының 8-ден 13 жас аралығындағы біүлдіршіндеріміз қатысты. Олар Құранның 30-ыншы парасын жатқа оқудан өзара бақ сынады. Нәтижесінде 3-орынды 3 бала еншілеп, әрқайсысына 50 мың теңге көлемінде сыйақы берілді. 2-орын алған 2 шәкіртке 100 мың теңгеден, ал 1- орын алған жеңімпазға 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды. Қалған 18 шәкірттің әрқайсысына велосипедтер тарту етілді.

Бөлісу: