25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Нұр-Мүбарак университетінде теология мамандығы ашылды

Нұр-Мүбарак университетінде теология мамандығы ашылды

Ел іші
Жарнама

24 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елімізге білікті де білімді исламтанушылар мен дінтанушыларды даярлап келген Нұр-Мүбарак университеті енді теологтарды даярлай бастамақ, деп хабарлайды nmu.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Себебі зайырлы елімізде барлық діндерді және ислам дінін жете білетін мамандардың қажеттілігі артып келеді. Еліміз көпконфессиялы болғанымен, халқымыздың 70 пайыздан астамы мұсылмандар.  Сондықтан кез келген дін маманы ислам дініне де жетік болуы шарт. Осы орайда Нұр-Мүбарак университеті қоғам талап еткен теологтарды даярлауды қолға алды.

«Кез келген талапкер мамандық таңдар кезде «болашақта жұмыс таба аламын ба?» деген сұрақты да қатар ойлануы заңдылық.  Осы орайда «теолог» мемлекеттік қызметкер, тәуелсіз сарапшы, діни қызметкер ретінде түрлі мемлекеттік мекемелерде еңбек ете алатынын айта кеткен жөн. Университетіміз қазіргі кезеңдегі жұмыс берушілердің басты талаптарына жауап бере алатын білікті маман даярлауды көздеп отыр. Мамандардың жұмыспен қамтамасыз етілуі қоғам талабы мен еңбек нарығының сұранысына сай. Ал Нұр-Мүбарак университетінің ерекшелігі, теологтардың ислам дінінен де мықты сауаты болуына ерекше назар аударамыз. Өйткені біздің қоғамның талабы сол, - деді  проректор, доцент Қайрат Құрманбаев.

KairatK06 2019 768x682

Сонымен, «6В022003» шрифтымен бакалавр дәрежесінде 4 жылдық және екінші жоғары білім ретінде 2 жыл мерзімде теолог мамандығын алуға жол ашылды. Құжаттар 7 шілдеге дейін, ал екінші жоғары білім алушыларға тамыз айына дейін құжат қабылданады.

«Теолог» мамандарын даярлаудағы негізгі мақсатымыз – елімізді әлемдегі діндерге қатысты білімге ие, діни саладағы өзекті тақырыптардан хабардар, даулы мәселелердің шешімін таба білетін, тарихи және заманауи түрлі дереккөздерді еркін пайдаланып, жүйелей алатын, мемлекеттік және әлемдік деңгейдегі дінге қатысты жағдаяттардан хабардар және соларға қатысты пікірталастарға қатысып, ойын жеткізе алатын мамандармен қамтамасыз ету.

teolog06 2019 4

teolog06 2019 1

Бөлісу: