28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Бас мүфтидің атына бауырлас елден көңіл айту жеделхаты келіп түсті

Бас мүфтидің атына бауырлас елден көңіл айту жеделхаты келіп түсті

Ел іші
Жарнама

27 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың атына Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Мақсатбек қажы Тоқтомушевтан көңіл айту жеделхаты келді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Жеделхатта 24-маусым күні Арыс қаласында болған жарылыстан қаза тапқан азаматтар мен зардап шеккендердің жайын зор күйзеліспен қабылдағаны туралы айтылған. 

«Бұл орны толмас ауыр қаза. Біз бауырлас Қырғыз елі Жаратушыдан әлемнің амандығын, көрші қазақ халқының тыныштығы мен бірлігін сұраймыз. Ата-анасынан ажырап қалған балалардың тезірек отбасына оралып, қауышуын тілейміз. Енді мұндай апат болмасын деп Алладан дұға етеміз»,- делінген жедел хатта. 

Сондай-ақ Мақсатбек қажы қаза болғандардың отбасы мен жақындарына шын ниетпен көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Бөлісу: