18
Жұма,
Қазан

һижри

Түркия: «Талаба» қауымдастығы студенттермен толығуда

Түркия: «Талаба» қауымдастығы студенттермен толығуда

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ-ның Түркиядағы өкілі әрі «Талаба» студенттер қауымдастығының жетекшісі Абдурашит Карабаев Болу қаласында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен БАИБ университетінің жастар орталығында кездесті.

Студенттерге ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізген Абдурашит Карабаев білім алып жатқан жастарды мәуліт айымен құттықтады. Сонымен қатар, ол «Талаба» қауымдастығының атқарып жатқан жұмыстарын бөлісті.  

Абдурашит Карабаев «Талаба» студенттер қауымдастығына жаңадан қосылған Болу Абант Иззет Байсал университетінің студенттеріне қауымдастықтың Болу қаласындағы өкілі ретінде қоғамдық негізде қызмет атқаратын Б.А. Иззет Байсал университетінің  докторанты Абзал Амировты таныстырды.  

Болу іссапары барысында Абдурашит Карабаев Болу облысының мүфтиі Хусейн Демирташ мырзамен және Болу Абант Иззет Байсал университеті ректорының орынбасары профессор, доктор Саметтин Гүндүз мырзамен кездесті.

Кездесу барысында «Талаба» студенттер қауымдастығы мен университет жастары арасында рухани, мәдени іс-шаралар мен тәлім-тәрбие бағытындағы маңызды мәселелер бойынша жұмыстарды жандандыру жайы талқыланды.

Сондай-ақ Абдурашит Карабаев Ыстамбұл қаласына іссапармен барып, «Ансар» білім беру қайырымдылық мекемесінде фиқһ докторы, Ыстамбұлдағы Абдурраззақ Халаби медресесінің директоры Мұхаммад Халид Харсамен және сириялық ғұламалар кеңесінің басшысы, ислам ғалымы Айман Шабанимен кездесті. Әңгіме барысында мәуліт айын атап өтудің сауабымен ғалымның қадірі, ғылымның артықшылығы туралы сөз болды.

Ыстамбұл қаласында өткен кездесу барысында Абдурашит Карабаев «Ансар» білім беру қайырымдылық мекемесінің студенттеріне жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Кездесуден кейін қасиетті мәуліт оқылып, арнайы дұғасы жасалды.

Бөлісу: