18
Жұма,
Қазан

һижри

Оралда жаңа мешіт ашылды

Оралда жаңа мешіт ашылды

Жаңалықтар
Жарнама

Орал қаласына қарасты Круглоозёрное кентінде жаңа мешіттің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Құрылысы 2023 жылы басталған мешіттің ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының бас имамы Самат Қанатқалиұлы, мешіт имамдары, әр сала өкілдері мен елдімекен тұрғындары қатысты.

«Мешіт Орал қаласының көлемінде алтыншы, облыс бойынша 62-мешіт болып тіркелді. Нысанның құрылысы 2023 жылы басталып, аталмыш ауылдың кәсіпкерлері мен азаматтарының демеушілік қаражаты және қайырымдылықтары арқылы толық салынып, ауыл халқының игілігіне беріліп отыр. Жаңа мешіттің жамағаты көп болғай» деді облыстың бас имамы.

Құлшылық ордасының ашылу рәсімі қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, мешіт құрылысына қатысқан белсенді азаматтарға облыс бас имамы Самат Қанатқалиұлы алғыс хат табыстады. Әжелер шашу шашып, аталар алқалы батасын берді.

Бөлісу: