26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мүфтият қызметкерлері БҰҰ форумына қатысты

Мүфтият қызметкерлері БҰҰ форумына қатысты

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет пен Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Күзекбай Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымы «Даму бағдарламасының» бастамасы аясында Жапония үкіметінің қолдауымен Орталық Азиядағы зорлық-зомбылық экстремизмнің алдын алу  мақсатында өткен «Жастар Орталық Азияның орнықты дамуын таңдайды» атты екі күндік форумына қатысты.

Халықаралық іс-шара барысында Жапония, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан Республикалары, Орталық Азияның түкпір-түкпірінен келген мемлекеттік ведомстволар өкілдерінің бастарын қоса отырып, зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алудың маңызды стратегиясы деп жастарды жұмысқа орналастыру бағытын айқындады. Сонымен қатар Форум барысында өткен пікірталастар жастардың радикалдануының алдын алу жұмысындағы діни көшбасшылар мен қауымдастықтардың рөлін қарастырды. 

Форумның екінші күні өңір жастарына эмоционалдық интеллект тақырыбы бойынша жаңа білім мен дағды сыйлап, Орнықты даму мақсаттарымен (ОДМ) жақынырақ таныстырды. «Миссия 2030» ойыны барлық Орталық Азия елдерінен келген жастардың басқосуына себеп болып, өңірдің орнықты болашағына қалай атсалысуға болатынын айқындап берді.

Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа,  Елші – Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Жәнібек Әбдірашов, Дипломатиялық миссия басшысының орынбасары, Жапония Елшілігінің кеңесшісі Каната Томохиро, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров баяндама жасап, білген-түйгенін бөлісті.  

Ал өз кезегінде Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жолдап, Діни басқарманың атқарып жатқан жұмыстарын таныстырды.

Бөлісу: