26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ақтөбе: 790-баспана кілті табысталды

Ақтөбе: 790-баспана кілті табысталды

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен өңірлік еріктілер форумында «Өмірге үміт сыйла» және «Ел үлесі – пәтерге» акциялары бойынша сертификаттар салтанатты түрде табыс етілді.

Атап айтқанда, «Өмірге үміт сыйла» акциясы аясында науқастың еміне 1 000 000 теңге және «Ел үлесі – пәтерге» акциясы аясында Ақтөбе қаласы «Бақытжан» мешітінің молдасына қызметтік баспана кілтін облыс бас имамы Амантай Садиев пен ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорынының Астана қаласы филиалы директоры Әли Әзімбекұлы табыстады. Аталған баспана – осы акциямен Республика бойынша берілген 790-баспана.

«Расында қайырымдылық жасау – әр адамның қолынан келе бермейтін іс. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Мешіт ұйымдастырған қайырымдылық кезінде азық-түлікті жеткізіп, тіпті, мұқтаж адамның үйінің қарын күреп, басқа да ізгі істерге ұйытқы болуға осы жамағат арасынан шыққан еріктілер үлес қосады. Алла оларға разы болсын» деді рәсім барысында облыс бас имамы Амантай Садиев.

Бөлісу: