Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Жетісу өңіріне жұмыс сапары барысында орталық «Иман» мешітінде «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 2 мұқтаж отбасыға баспана кілтін табыстады.
«Алла Тағала қуаныштарыңызды еселесін. Қиындықтарыңызға жеңілдік беріп, балаларыңыз тезірек сауығып кетсін. Осы қайырымды іске үлес қосқан мешіт жамағатына, жанашыр азаматтарға Алла разы болғай! Қоныс құтты болсын» деді Бас мүфти.
Айта кетейік, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры және Жетісу өңірі имамдарының ұйытқы болуымен республика бойынша 801, 802-баспана кілттері сырқат балалары бар көмекке мұқтаж отбасыларға табысталды. Қоныс иелерінің бірі бес баланың, екіншісі екі баланың анасы.