11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

ҚМДБ Төрағасы Жетісу жамағатымен жүздесті (фото)

ҚМДБ Төрағасы Жетісу жамағатымен жүздесті (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Жетісу облысына сапары барысында Талдықорғандағы орталық «Иман» мешітінің жамағатымен кездесті.

Құптан намазы уақытында «Бірлік бар жерде тірлік бар» тақырыбында уағыз айтқан ҚМДБ Төрағасы: «Алла Тағала қасиетті Құрандағы «Әнғам» сүресінің 159-аятында: «Күдіксіз діндерінде бөлініп, топтарға айырылғандармен ешбір байланысың жоқ», – деп айтқан. Жалпы бұл аяттан мұсылмандарға бөлінуге болмайтынын, әркез бірлікте болу керектігін түсінеміз. Ата-бабаларымыздың «Бөлінгенді бөрі жейді» немесе «Бірлігі жоқ ел тозар, бірлігі күшті ел озар» деген.

Ардақты Пайғамбарымыз да (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) насихатының алғашқы кезеңінен бастап мұсылмандардың өзара бауыр әрі туыс екенін жариялаған. Өйткені қоғамның ізгі болуы үшін әуелі сол қоғам мүшелеріне берік бірлік қажет» деді.

Бұдан кейін Бас мүфти құптан намазын жамағатпен бірге оқып, ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.

Бөлісу: