06
Дүйсенбі,
Қаңтар

һижри

Әл-Азһар уәкілі ҚМДБ Төрағасын құттықтады

Әл-Азһар уәкілі ҚМДБ Төрағасын құттықтады

Жаңалықтар
Жарнама

Мысыр Араб Республикасындағы әл-Азһар уәкілі Мұхаммед ад-Дуейни Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлын Бас мүфти лауазымына қайта сайлануымен құттықтады. 

«Мәртебелі Хазірет, өзіңізге шынайы ілтипатым мен құрметімді білдіре отырып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти қызметіне жаңа мерзімге қайта сайлануыңызға байланысты шын жүректен құттықтаймын. Алла Тағаладан қызметіңізге табыс, сәттілік және барша мұсылмандарға біліміңіздің пайдасы тиюін сұраймын. Әл-Азһар аш-Шариф бұдан кейін де жемісті және сындарлы ынтымақтастыққа мүдделі екендігін атап өткім келеді. Сізге шын жүректен денсаулық пен амандық, табыс пен сәттілік тілеймін » делінген құттықтау хатта.

дереккөз: muftyat.kz

Бөлісу: