06
Дүйсенбі,
Қаңтар

һижри

Жылдық есеп-2024: 201 073 сұраққа жауап берілді

Жылдық есеп-2024: 201 073 сұраққа жауап берілді

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары жыл басынан бері еліміз бойынша 201 073 сұраққа жауап берді.

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлының айтуынша, пәтуа мамандары биыл 46 275 сұраққа жеке кездесуде жауап берілсе, телефон арқылы 61 643, ал әлеуметтік желі қолданушыларының 93 155 сұрағына жауап берілген.

Бұдан бөлек республикалық Діни ақпарат беру орталығының мамандары (Call-орталық) жыл бойына 9 778 сұраққа жауап берген. Оның ішінде құлшылыққа қатысты 5612, отбасыға қатысты 962, қарыз бен сауда-саттыққа қатысты 695, теріс ағымдар жөнінде 67, сондай-ақ өзге тақырыптарда 2442 сұрақ қойылған. Ал діни сұрақ-жауап ретінде 224 мақала әзірленіп, оның 127-сі fatua.kz пен muftyat.kz сайттарына, газет-журналдарға жарияланды.

Елордада Түркі мемлекеттері мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесінің «Түркі әлемі: Пәтуа берудің әдіснамасы мен ерекшелігі» І халықаралық дөңгелек үстел өтті. Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің пәтуа мамандары бас қосқан жиынның ашылуына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысқан болатын.

Ғұламалар кеңесінде қабылданған пәтуаларды түсіндіру бойынша имамдарға 322 семинар, ал мешіт жамағатына 3387 пәтуа сағаты ұйымдастырылды.

Сондай-ақ шариғат және пәтуа мамандарына отбасы құқығына қатысты 376 өтініш түсіп, оның барлығы оң шешімін тапты. Ғұламалар кеңесіне ұсынылған пәтуалар саны – 18, телеарналарға берілген сұхбаттар саны – 67. Ал медиа жоспар бойынша сұрақ-жауап ретінде 980 видео түсірілді.

Бөлісу: