08
Сәрсенбі,
Қаңтар

һижри

2024 жылы 447 кәсіпорын сертификатталды

2024 жылы 447 кәсіпорын сертификатталды

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесі 447 кәсіпорынды жаңадан сертификаттаудан өткізді.

Бұл туралы мекеме директоры Айбек Асқарбекұлы: «2024 жыл  «Халал Даму» мекемесі үшін табысты жыл болды. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасында берілген тапсырмалар толығымен орындалып, одан бөлек те бірқатар игі шаралар атқарылды. Жыл басынан бері 447 кәсіпорын жаңадан сертификаттаудан өтті. Қазіргі кезде «QMDB HALAL» сертификатымен 1925 кәсіпорын мен 1198 қасапшы өнім өндіруде.

Халықаралық бағытта жасалған жұмыстар бойынша Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Қытай, Иран мемлекеттеріне «QMDB HALAL» сертификатымен 10 мың халал өнім экспортталды. Тараз қаласында өткізілген халықаралық көрмеге отандық кәсіпорындар мен Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен  ең үздік 70 кәсіпорын қатысты. Екі күн аясында 15 мыңға жуық адам көрмеге келіп, отандық және шет елдік халал өнімдермен танысты.

Бас мүфти бастамасымен «Халал Даму» мекемесінің Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесіне сәйкес аттестатталуы үлкен жаңалық болды. Мемлекет тарапынан берілген бұл құжат – «Халал Даму» мекемесінің еліміздегі аккредиттеу жүйесінің талаптарына толық сәйкес екендігін растайды. «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесі Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде «Сәйкестікті бағалау. Халал сертификаттауды жүзеге асыратын органдарға қойылатын талаптар» ҚР СТ OIC/SMIIC 2-2022 талаптарына сәйкес аккредиттелді.

Бөлісу: