08
Сәрсенбі,
Қаңтар

һижри

Жылдық есеп-2024: Бас мүфти 59 халықаралық іс-шараға қатысты

Жылдық есеп-2024: Бас мүфти 59 халықаралық іс-шараға қатысты

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2024 жылы 9 елге ресми 11 сапармен барып, 59 халықаралық іс-шараға қатысты.

Бұл туралы ҚМДБ Халықаралық байланыс және хаттама бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазинов хабарлады.

«Діни басқарма халықаралық байланысты да нығайтып, алыс-жақын шетелдермен әріптестік қарым-қатынасты арттырып келеді. ҚМДБ Төрағасы 2024 жылдың басында Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапарымен барып, мұсылман үмбетінің бірлігі, қажылық саласын дамыту әрі оңтайландыруға қатысты маңызды келіссөздер өткізді. Эр-Рияд қаласында Дүниежүзілік Ислам Лигасының ұйымдастыруымен Ислам фиқһ академиясының 23-отырысына қатысты. Тағы бір ерекше атап өтетін жайт,  Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Дүниежүзілік ислам лигасы жанындағы Ислам фиқһы академиясының мүшесі атанды. Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен «Дүниежүзілік ислам ғұламаларының жоғары кеңес саммитінде» арнайы баяндама жасады. ҚМДБ Төрағасы Әзербайжан астанасы Бакуде және Шуша қаласында өткен халықаралық форумдарға да қатысты. Бас мүфти бастаған ҚМДБ делегациясы алғаш рет Иордания Хашимиттік Корольдігіне ресми сапармен барып, бірқатар келіссөздерге қол жеткізді. Моңғолия жеріне де арнайы барып, Баян-Өлгий аймағындағы қазақтармен сұхбаттасты. Наурызбай қажы Тағанұлы Мекке қаласына арнайы шақырумен барып, қасиетті Қағбаны жуу рәсіміне қатысу құрметіне ие болды. Сондай-ақ Мысыр Араб Республикасына арнайы іссапармен барып, бірқатар халықаралық іс-шараға, кездесуге қатысты» дейді Марат Дәлелханұлы.

Айта кетейік, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқармада өзге мемлекеттердің еліміздегі 5 елшісімен кездесті. Одан бөлек 14 шетелдік мәртебелі мейманды қабылдады. ҚМДБ Төрағасы еліміздің 16 облысына жұмыс сапарымен барып, діни ахуалмен танысып, түрлі рухани-танымдық, ғылыми, қайырымдылық т.б. барлығы 177 шараға қатысты.

Бөлісу: