2024 жылы елімізден 5081 адам ұлы сапарға аттанып, қажылық құлшылығын атқарып келді. Бұл туралы ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов баяндады.
«Өткен қажылық маусымында қажыларға қызмет ету үшін конкурстан өткен 16 туристік фирмаға уағызшы-имамдар іріктеліп, 17 имам бекітілді. Нәтижесінде Мекке мен Мәдина қалаларында 500-ге жуық уағыз-насихат айтылды. Елімізден қасиетті мекенге ниет етіп барған 5081 жерлесіміз қажылық парызын өтеп, түгелдей аман-есен оралған болатын. Сонымен қатар Қазақстан қажылық миссиясы Мекке қаласында ашылған жұмыс кеңсесінде бес бағыт, яғни уағыз-насихат, алғашқы медициналық көмек, ұйымдастыру-үйлестіру, пәтуа беру, ақпарат тарату бойынша жұмыс істеді» деді бөлім меңгерушісі.