ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында 2024 жылы баспанаға мұқтаж 88 отбасыға пәтер кілті табысталды. Бұл туралы қор директоры Мақсатбек Қайырғалиев хабарлады.
«2024 жылы қорымыз арқылы 353 919 отбасы қайырымдылық көмек алды. Ал «Мектепке жол» жобасы бойынша 25 914 әлеуметтік аз қамтылған отбасыға оқу құралдарымен көмек жасалынды. «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 30 дін қызметкеріне, 58 мұқтаж отбасыға, барлығы 88 баспана кілті табысталды. «Су тасқынынан зардап шеккендерге шұғыл көмек» қайырымдылық жобасы аясында Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына көмек берілді. Астанада «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАРШЫЛАРЫ» IlI Республикалық еріктілер форумы, облыстарда 18 жергілікті, өңірлік және аймақтық форум өткізілді. Республика бойынша жалпы еріктілер саны қазіргі таңда 2 635-ке жетті» дейді қор директоры.