Елордада ҚМДБ «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау жиыны өтті.
Қордың өңірдегі өкілдері онлайн форматта қатысқан жиында ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, қатысушыларды мүфтияттың 35 жылдық мерейтойымен құттықтады. Сонымен қатар наиб мүфти мамандарға «Уақып» қорын дамыту мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Жиында «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының директоры Азамат Әбдікерімұлы алдағы жұмыс жоспары мен жобаларға жеке-жеке тоқталып, өкілдерді таныстырып, жыл бойы атқарылатын жұмыстарды пысықтады.