12
Сәрсенбі,
Ақпан

һижри

ТМҰ мүфтилер алқасы жанындағы пәтуа кеңесі жиын өткізді

ТМҰ мүфтилер алқасы жанындағы пәтуа кеңесі жиын өткізді

Жаңалықтар
Жарнама

Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесінің ұйымдастыруымен Рамазан айына орай онлайн жиналыс өтті.

Жиынға ҚМДБ Төрағасының орынбасары Сансызбай Құрбанұлы, Бас мүфти кеңесшісі Смайыл Сейтбеков, Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров, сондай-ақ Түркі мемлекеттері Діни басқармаларының пәтуа мамандары қатысты. Онлайн өткен жиналыста алда келе жатқан Рамазан айының алғашқы күнін, Қадір түні мен Ораза айт күнін белгілеу бойынша бірлескен шешім шығару мәселесі қаралды.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2024 жылы ТМҰ Мүфтилер алқасына төрағалық етіп, Астанада жаңадан құрылған Пәтуа кеңесінің «Түркі әлемі: Пәтуа берудің әдіснамасы мен ерекшелігі» І халықаралық дөңгелек үстел  өткен болатын.

Бөлісу: