12
Сәрсенбі,
Ақпан

һижри

Ақмола: Дін қызметкеріне пәтер кілтін табыстады

Ақмола: Дін қызметкеріне пәтер кілтін табыстады

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жыл басында еліміздегі барша дін қызметкерлеріне жолдаған дәстүрлі Бағдарлық баяндамасында имам-молдаларды әлеуметтік тұрғыдан қолдауға, мүмкіндігінше демеушілердің көмегімен баспанамен қамтамасыз етуге маңыз берген болатын.   

Көкшетау жұрты Бас мүфти бастамасына қолдау білдіріп, игі істерге үлес қосуда. Нақты айтқанда, өткен аптада қасиетті жұма күні Көкшетау қаласының Красный яр кентіндегі мешітте қызмет ететін Руслан қариға жергілікті кәсіпкер пәтер сыйлады.

Жаңа қоныстың кілтін жұма намазында облыс бас имамы Қуаныш Сәбит табыс етті. Бас имам жас отбасыға игі тілегін білдіріп, ізгі ниетін жеткізді.

Бөлісу: