14
Жұма,
Ақпан

һижри

Бас мүфти «Ислам және отбасы құндылығы» семинарына қатысты (фото)

Бас мүфти «Ислам және отбасы құндылығы» семинарына қатысты (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы құндылығы» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, баяндама жасады.

«Өздеріңізге белгілі, биыл қазақ жерінде дербес мүфтиятымыздың құрылғанына 35 жыл толды. Осы жылдар ішінде Діни басқарма ел арасында асыл дінімізді насихаттап, ата салтымызды дәріптеуге баса мән беріп келеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2025 жылды діни қызмет аясында «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жариялап, маңызды жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл бағытта Діни басқарманың Әйел-қыздар секторы еліміздегі әйел жамағатының діни сауатты болуына көмектесіп, отбасында ибалы келін, мейірімді ана болуды әрдайым насихаттап келеді. Мешіттер жанынан құрылған Әжелер мектебі, қыз-келіншектер клубы салт-дәстүрімізді, отбасы құндылығын насихаттауда.

Жалпы алғанда отбасы – қоғамның негізгі тірегі, береке мен мейірімнің бастауы. Ислам дінінде отбасының орны ерекше, өйткені ол тек жеке тұлғаның емес, бүкіл қоғамның қалыптасуына ықпал етеді. Қасиетті Құран мен ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде отбасының құндылығы айрықша атап көрсетілген» деді ҚМДБ Төрағасы.

Сондай-ақ игі іс-шарада Бас мүфти кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кесіп, ақ батасын берді.

Айта кетейік, семинар барысында «Кимешек тарихы» көрермен назарына ұсынылса, халық күйлері мен әндері орындалып, «Хадисті жалғастыр» ойыны ұйымдастырылды. Сонымен бірге әйел ұстаздар қатысушыларға әртүрлі тақырыптарда насихат айтты.   

Бөлісу: