Меню

20
Бейсенбі,
Наурыз
20
Рамазан
1446 һижри

Бас мүфти Рамазанның алғашқы он күндігінің қорытынды есебін тыңдады

Бас мүфти Рамазанның алғашқы он күндігінің қорытынды есебін тыңдады

Жаңалықтар
Жарнама

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен қасиетті Рамазан айының алғашқы он күндігін қорытындылауға арналған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісі өтті.

«Ардақты Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеткен хадистерде Рамазан айының алғашқы он күні мейірім күндері екені айтылады. Берекелі айда халқымыздың діни жоралғыларды дұрыс атқаруына жағдай жасап, мешіттерде берілетін ауызашарлар мен оқылатын тарауық намаздарын жоғары деңгейде ұйымдастыра беруіміз керек» деп атап өтті Бас мүфти.

Жиналыс барысында бөлім меңгерушілері бес бағыт бойынша Рамазан айында өкілдіктерде атқарылған іс-шаралардың есептік баяндамасын жасады.